Аңқал

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аңқал (Clіnopodіum) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларының беткейлеріндегі жапырақты ормандарында, өзен бойларында өсетін 1 түрі – тегісжиек А. (С. іntegerrіmum) бар. Биікт. 30 – 40 см. Сабақтары түкті, төрт қырлы. Жапырақтары ұзынша, сыртын түк басқан. Гүлшоғыры көп гүлді, қалың. Гүлжапырағы көп, тостағаншасы түкті, кейде тықыр. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, маусым – тамызда жемістенеді. .<ref name = "source1">Қазақ Энциклопедиясы, I-том</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub