Қол инесі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:A depiction of needle.JPG
Қол инесі
Қол инесі<ref>Мұхамеджанұлы З. Қазақтың кесте өнері. Танымдық-көпшілік басылым. "Алматыкітап баспасы" ЖШС, 2008 - 144 бет, суретті.ISBN 978-601-01-0297-2</ref> - иненің қолмен тігу, кестелеу барысында қолданылатын түрі.
Мазмұны
Құрылысы
Сурет:Needle & Thread..jpg
Жіп өткізілген иненің көзі.
Иненің құрылысы бойынша атауы:
- үшкір жағы - ұшы;
- ұшына қарсы жуан жағы - дүмі;
- осы дүмінің доғал басы - шүйде:
- шүйде мен ұштың ортасы, яғни ұзына бойы - тұрқы;
- дүміндегі жіп өткізетін тесігі - көзі немесе жасуы.
Бітім-тұлғасына қарай түрлері мен атауы
- Көзі сынық (жіңішке) ине - бітік немесе көр.
- Көзі кең ине - көземелі.
- Тұрқы имек ине - созаң.
- Көзі кең, жуандау, ұзын ине - жөндем.
- Әдеттегі инеден әлдеқайда үлкендеу ине - тебен.
Бұйым түрлеріне қарай қолданылатын түрлері
- Маталарға арналған инелер(ұзындығы 3-8 см).
- Қайыс бұйымдарға арналған инелер (ұзындығы 5,5-7 см).
- Қатты бұйымдарға (кенеп т.б.) арналған дүмі үш қырлы инелер (ұзындығы 6-7 см).
- Қанарларға арналған дүмі төрт қырлы, ұшы 30°-қа иілген инелер (ұзындығы 12,16 см).
- Теріден жасалған тондарға арналған дүм жағы үш қырлы қырлы ине (ұзындығы 4-5 см).
- Матаны торлауға арналған көзі ұзын ине (ұзындығы 3,5-5,8 см).
- Көркем кестелеуге арналған көзі ұзын ине (ұзындығы 3,5-4 см).
- Көзі кең ине (ұзындығы 3-5 см.)<ref>ГОСТ 8030-80 — Иглы для шитья вручную. Технические условия.</ref>
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>