Физалис қайнатпасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Физалис қайнатпасы Құрамы: 1 кг физалис жаңғағы, 1,2 кг қант. Физалис жемісінен хош иісті қайнатпа жасауға болады. Оның жемістерін іріктеп, теріл алған соң жуып, қыздырады. 1 кг жеміске 500 г қант және 0,5 л су келетіндей есеппен сироп дайындал, 3—4 минут қайнатады, одан кейін сол ыстық күйінде кастрюльге салынған жеміске құяды да, 3—4 сағат қойып қояды. Уақыт өткен соң әр килограмм жеміске 500 г құмшекер салып, қант әбден ерігенше жайлап араластырып, 10 минут бабында қайнатады. Одан кейін 5—8 сағат салқындатып алып, 100— 200 г қант салып, екінші рет 10—15 минуттай қайнатады. <ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub