Жексембай Нұрлыбайұлы Саламатов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:07, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жексембай Нұрлыбайұлы Саламатов (06.12.1957 жылы Алматы қаласында туған) – спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1991). 1979 жылы Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірген. 1981-83 жылдары республикалық «Динамо» қоғамында, 1983-99 жылдары олимпиадалық резервтер дайындайтын училищеде дзюдо күресі бойынша шәкірттер тәрбиеледі. 1999 жылдан республикалық спорт колледжінің аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. 1995-2000 жылдары Қазақстанның жастар құрама командасындағы, 2000 жылдан ұлттық құрама командасындағы дзюдошыларды жаттықтырды. 2002 жылы оған жоғары дәрежедегі бапкер атағы берілді.<ref>Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>