Тау бүркіті, ой бүркіті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:07, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тау бүркіті, ой бүркіті, жұрттың айтуына қарағанда, бүркіт атанған қырандар тау бүркіті, ой бүркіті болып екі топқа бөлінетін көрінеді. Немесе "ой құсы, қыр құсы, түз құсы" деп бөлінеді. Кейде оны "ой бүркіті, орта тау бүркіті, Ұлытау бүркіті" деп те айтушылар бар. Сонымен бірге құсбегілер аузында - Алтайдың ақ иығы, Еренқабырғаның алып қарасы, Нарынның сарысы, Дересінің сарысы, Оралдың қара шолағы, Алатау бүркіті, Арқа бүркіті, Боғда бүркіті, Қаратау бүркіті, Хан-Тәңірі бүркіті, Құбыққұм, Қызылқұм, Қарақұм далаларының бүркіті, Бетпақдала бүркіті деп құсқа жер атын қосып айту да көп кезігеді. Осылай айтуларға қарағанда, бүркіт мекен сақтағыш, бір маңнан, бір төңіректен көп ұзамайтын құс көрінеді.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub