Садыр балуан Хушахмәтұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:35, 2012 ж. тамыздың 8 кезіндегі Maira Yessenbekova (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Садыр балуан Хушахмәтұлы (1778, Шығыс Түркістан, Құлжа қаласы, Молла тоқты қыстағы, - 1871, сонда), ұйғырдың халық батыры әрі атақты жырау. Бүкіл өмірін маньчжур-қытай басқыншыларына, жергілікті феодал- бектерге қарсы күреске арнап, бірнеше рет қамалған. Садыр балуан Құлжадағы шаруалар көтерісіне (1864-67) басшылық етушілердің бірі. Ол өз өлеңдерін өзі орындаған. "Садыр атады басқа, Дұшпан атады тасқа", "Жамбылда көп жатып", "Ат міндім күрең қасқа" т.б. өлеңдері халық арасына кең тараған. Садыр балуан өмірінен пьеса (М. Асимов, "Садир балуан", 1958), повесть (И. Мухлисов, "Садир балуан", 1964) жазылды. <ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub