Тортасы айырылған сары май
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тортасы айырылған сары май - сүт өнімдерінен жасалған қазақтың ұлттық тағамы.
Дайындалуы
Жентке немесе басқа да тағамдарға қосу үшін , сондай-ақ ұзақ сақталу үшін сары майды қайнатып, сұйық алтындай майды жылы күйінде шыны ыдысқа құйып алады. «Торта» дегеніміз май құрамында қалған іркіт. Ол бұп-бұйра болып, қазан түбінде тұнып қалады. Май тұздалған болса, оның тұзы осы тортаға тұнып қалады да, жеуге майлы, дәмді болғанмен өте ащы. Сондықтан оны балалар құрт-ірімшіктің ұнтағына араластырып жейді.<ref>Атамұра "Қазақы дастархан", Сегізбайұлы Қадірбек</ref>