Қарағанды квазисинклинорийі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:10, 2014 ж. қарашаның 30 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Қарағанды квазисинклинорийі– Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тектоникалық құрылым. Ортаңғы және кейінгі каледонидтердің түйіскен белдемінде шығыс және солтүстік-шығыс бағытта созыла орналасқан. Екі құрылымдық қабаттан: қызыл түсті девон молассалары мен карбонның көмірлі түзілімдерінен құралған.