Бильярд

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:07, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:PoolTablewithEquipment-non.jpg
Пул ойынының жабдықтары: үстел, кий және шарлар

Бильярд биллиард (франц. bіllard, bіlle — шар) — арнайы үстелде шарлармен ойналатын ойын.

Бильярдтың отаны Үндістан және Қытай саналады. Еуропада 16 ғасырда, Ресейде Петр І-нің тұсында пайда болған.

Үстел шұғамен қапталған, жақтауларында (борттарында) шар түсетін қалтасы бар 6 ұяшығы (лузасы) болады. Ойын үш, бес не он алты шармен ойналады. Нөмірленген шарларды ұяға кимен (ұзындығы 1,5 м таяқ) ұрып түсіреді. Бильярд ойынының “Американка” (лузаға бірінші болып 8 шар түсірген ойыншы жеңеді), “Пирамида” (70 ұпай жинаған ойыншы жеңеді), т.б. түрлері кең тараған. Дүниежүзілік және құрлықтық чемпионаттар 19 ғасырдың соңынан бері өткізіліп келеді.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub