Тікелей іздеудің гидрогеохимиялық әдісі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тікелей іздеудің гидрогеохимиялық әдісі. Мұнай және газ кенорындары мен жатындарынан шашырай тараған көмірсутектер мен суда еріген органикалық заттар үйірімдерінің қалыптан тыс жинақталған алаптарын тап басу мақсатында қойнауқаттық сулардың және гидросфераның төменгі бөлігіндегі суда еріген органикалық заттардың түздық және газдық кұрамын зерттеуге негізделген мұнай және газ кенорындарын іздеу әдісі. Су сынамалары жер бетінен де, арнайы жасақталған геохимиялық ұңғымадан да алынады. Суда еріген газдардың құрамында көмірсутектердің, ал су құрамында бензолдың, толуолдың, фосфордың, аммонийдің қалыптан тыс мәлшерде ұшырасуы сол өңір қойнауының мұнай мен газ кенорындарына деген мүмкіндігі бар екендігін корсетеді. Әдіс жер кыртысы дамуының қазіргі сәттегі тектоникалық белсенділігі қарқынды аймақтар үшін мейілінше тиімді. Бұл әдіс мұнай және газ кенорындарын тікелей іздеудің өзге әдістерімен кешенді түрде жүргізілуі тиіс, себебі ол жекелей алғанда нақтылы нәтижелер беруге дәрменсіз.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала