Тауалды түзілімдері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тауалды түзілімдері. Биік таулы өзен аңғарлары мен тауаралық аңғарлардың түзілімдері. Бұл түзілімдердің өздеріне тән ерекшеліктері: қалыңдықтарының жоғары көрсеткіші, таужыныстарға кіріккен органикалық қалдықтардың мүлдем ұшыраспауы, оларды құрайтын түйірлер мен кесектер мөлшерінің тау етегінен орталық жазықтыққа қарай бірте-бірте кішіре беретіндігі, қат-қабаттықтың әр түрлі болуы, таужыныстар құрамында конгломераттар мен құмтастардың шешуші рөл атқаруы.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала