Жылымшық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:32, 2015 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

ЖылымшықМаңғыстау тауларының оңтүстігінде, Қайдақ сорының батыс жағында орналасқан құмды алқап. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан.

Құм солтүстіктен оңтүстікке қарай 42 км-ге созылған, енді жері 33 км. Ауданы 500 км² шамасында. Құм төбешіктер біртіндеп аласарып, белесті жазыққа ұласады. Жылымшықта жусан, еркек шөп, жүзгін, т.б. сораң шөптесіндер өседі. Грунт суы 2 – 10 м тереңдікте жатыр. Жылымшық мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}