Тектоникалық циклдер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тектоникалық циклдер, геотектоникалық циклдер – тектоносфераның дамуындағы геологиялық құбылыстар жиынтығы. “Тектоникалық циклдер” термині геотектоникалық циклдер, қатпарлық циклдер, қатпарлық дәуірлер немесе жай ғана қатпарлық түсініктерінің синонимі болып саналады. Тектоникалық циклдер туралы тұжырымдар жоғарғы протерозой-фанерозой үшін жақсы дамыған. Олар байқал, каледон, герцин, мезозой, альпі қатпарлықтарына бөлінеді. Тектоникалық циклдер термині өте үлкен аймақтардың тектоникалық және металлогендік карталарын жасау кезінде кеңінен пайдаланылады. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub