Каолиндену

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Каолиндену<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> – гидротермальдік және экзогендік процестер нәтижесінде өзге минералдар есебінен метасоматоздық жолмен каолин минералдар тобының түзілу процесі. Каолинену ылғалды субтропик жағдайында, каолиндік үгілу қыртысындағы гранит, сиенит, т.б. дала шпатты жыныстардың үгілуі кезінде жүреді. Бұл процесте дала шпаттарынан әуелі алюминий тотығына бай серицит түзіледі. Серицит сумен әрекеттескенде гидрослюда мен каолинитке айналады. Тау жыныстарының күшті каолиндену процестері карбон, юра, палеоген, неоген кезеңдерінде қарқынды болған. Каолиндену басты кен іздеу белгілерінің бірі болып табылады.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub