Кенді дене
Кенді дене — кез келген пішіндегі (желілер, линза, шток, қойнауқат және т.б. пішіндер) кен шоғырының жиынтық атауы.
Мазмұны
Кенді ерітінділер
Кенді құрамбөліктердің бір орнынан екінші орынға қозғалуын және түзілуін қамтамасыз ететін қөйнаулык ерітінділердің жалпылама атауы. Кен түзілу процесінде сулы ерітінділер ғана емес, магмадан бөлінген газ шоғырларының да рөлі ерекше деп есептеледі.
Кенді ерітінділердің бөліну уақыты
Кенді ерітінділердің магмадан бөліну уақыты. Белдемділік әсіресе уранның инфильтрациялық кен орындарында жақсы зерттелген.
Кендер жіктемесі
Кендерді минералдык және химиялык күрамына, құрылымдык және бітімдік ерекшеліктеріне, физикалык касиеттеріне қарай кластарға, топтарға, типтерге және түрлерге болу.
Кендердің алмасудан қалған құрылымы
Кендердің сұйық ерітінділер мен балқымадан кристалдану процесінде бір минералдың екіншісімен порменді түрде коррозиялануы нәтижесінде пайда болатын құрылымдардың жалпы атауы.
Кендердің жеодалық бітімі
Бос кеңістіктің қабырғасынан центрге қарай кристалдық агрегаттар концентрлі өскен көптеген жеодалардың болуы. Жеодалар сопақша немесе бұрыс пішінді, мөлшерлері — 1,5—25 см, кейде 1 м-ге дейін жетеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>