Флювиогляциялық терраса

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:00, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ФЛЮВИОГЛЯЦИЯЛЫҚ ТЕРРАСА тау аңғарларындағы аяққы мореналардың сыртқы шетінен тікелей басталатын террасаның беті, ал жазықтарды мұзбасу жағдайында — аңғар зандрлары. Мұздықтар еріген кезде пайда болатын су ағындарының түзілімдерінен, флювиогляциялық құмдар мен тасмалталар жиылымынан қалыптасады. Аллювийлік террасадан сынықты материалында сазды жарғақ болуымен ажыратылады. Флювиогляциялық терраса тауларда шойтас-малтатас түзілімдерден, жазықтарда негізінен құмнан тұрады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Geology-stub