Хибинит

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:02, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хибинит (алғаш Хибин жотасынан табылған) — нефелинді сиенитке жататын магмалық тау жынысы. Ол ірі түйірлі, кейде пегматоид пішінді болып келеді. Құрамында 32 — 53% нефелин, 33 — 59% микроклинпертит, 5 — 9% түсті минералдар (эгирин, арфведсонит, титанит, лампрофиллит, сілтілі амфибол, эвдиалит, ринколит, энигматит, сфен, т.б.) бар.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref> Хибинит басқа да нефелинді сиениттермен бірге кездесіп, линза, дайка, шлир тәрізді денелер құрайды. Хибинит керамика өндірісінің шикізаты және қаптама тас ретінде қолданылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Geology-stub