Метаморфизм дәрежесі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Метаморфизм дәрежесі - метаморфизм сатысына не метаморфизм фациясына орайлас ұғым; төмен, орта және жоғары дәрежелі метаморфизм болып жіктеледі: төмен дәрежелі метаморфизмге жасыл тақтатастар фациясы, орта дәрежелі метаморфизмге эпидот-амфиболитті және амфиболитгі фациялар, ал жоғары дәрежелі метаморфизмге гранулитті және эклогитті фациялар сәйкес келеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>