Сібір самырсыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:58, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сібір самырсыны (Қарағайлар тұқымдасы) - Қазақстан Алтайында кеңінен таралған бірден-бір түр. Сауыр және Жоңғар Алатауының солтүстігінде кездеседі. Биіктігі 30 м-ге дейін, ағаш діңінің диаметрі 150 см-ге жуық, түзу діңді, тегіс, күл түстес, сұр қабықты өсімдік. Жапырақтары (қылқандары) түспейтін, тегіс, жалпақ, жылтыр, үстіңгі бөлігі жасыл және астыңғы жағында екі ақшыл жолағы бар. Ағаш бірүйлі болғанымен, дара жынысты. Мамыр-маусымда гүлдейді. Жеміс беретін арнайы бүршіктерінің ұзындығы 9 см, ені 4 см, сопақ цилиндр тәрізді, тығыз қабыршақтары бар. Кіндік тамырлы, жерге терең бойлайды. Тау беткейлерін тұрақтандыруда маңызды. Суыққа төзімді емес. Тіршілік ұзақтығы 200 жыл. 1 га самырсын орманынан 2,5 кг шайыр алуға болады. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>