Дөңгелек жемісті бөріқарақат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:25, 2016 ж. наурыздың 22 кезіндегі Kmoksy (Талқылауы) істеген түзету

Дөңгелек жемісті бөріқарақат (Бөріқарақаттар тұқымдасы) - Қазақстандық сегіз түрдің ең көп тарағаны. Солтүстік Тянь-Шяньда, Жоңғар Алатауында, Тарбағатайда, Зайсанда кездеседі. Тауда, тастақты беткейлерде, өзен аңғарларында кейде шілік құрап кездеседі. Бұта биіктігі 2 м, жас бұтақтары қызғылттау, екінші жылы сұр түске ауысады. жапырақтары бүтін, көкшіл, жұмыртқа пішінді, жиегі әлсіз тісшелермен. Сағағы тақтасынан екі есе қысқа, 3 см-ге дейін. Гүлдері сары түсті. Аналығы жалғыз, тостағаншасы, желектері, аталықтары алтыдан. Мамырда гүлдеп, тамызда піседі. Жемісі - шар тәрізді, күлгін қара, диаметрі 1 см-лік жидек. Жеміс құрамында қант, дәрумен, иілік заттар бар. Жақсы омарталық өсімдік, декоративті түр. Сусын, дәрі-дәрмек жасауда қолданылады. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>