Апшерон ярусы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:01, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Апшерон ярусы - Кавказ алды аймағы, Шығыс Кавказ, Еділ өңірі, Каспий маңы, Жайық өңірі, Батыс Түрікменстан аумақтарында кеңінен таралған аймақтық ярус.

Лектостратотегі — Баку қаласының маңында, Баилов мүйісінде. Кұмдардан, саздардан, мергельдерден, ізбестастардан, бақалтастардан тұрады. Қалыңдығы 2000 м-ге дейін. Жәндіктер (тіржандар) қалдығын зерттеу нәтижесінде жіктелген.

  • Көнелігі соңғы плиоцен;
  • плиоценнің және төрттік жүйенің шекаралары төменірек жылжытылуына байланысты ерте-төрттік түзілімдер ретінде де қаралады.

Шығыс Кавказ және Батые Түрікменстан аумақтарында мұнайкіріктіруші қойнауқат болып табылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub