Атмосфералық акустика

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:00, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Атмосфералық акустика акустиканың атмосферада дыбыстың пайда болуы мен таралуын, сондай-ақ атмосфераның қасиеттерін зерттейтін бөлімі. Дыбыс толқындары бос атмосферада таралған кезде, олар ауаның жылу өткізгіштігі және тұтқырлығы әсерінен жұтылады (яғни өшеді); дыбыс жиілігі неғұрлым жоғары, ал атмосфера тығыздығы неғұрлым аз болса, дыбыс толқындары соғұрлым күштірек жұтылады. Ал құлаққа естілмейтін, жиілігі өте төмен дыбыс (инфрадыбыс) нашар жұтылатындықтан, ол бірнеше мыңдаған км-ге дейін еш өзгеріссіз тарай алады. Көптеген атмосфералық және Жер беті мен астында өтетін құбылыстар — дыбыс толқындарының табиғи көзі болып табылады.

Үлгі:Суретсіз мақала