Заңды түсіндіру

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:59, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Заңды түсіндірумемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын айқындауға бағытталған қызметі. Заңды түсіндіру – күрделі де кешенді құбылыс. Ол мемлекеттік органның ресми актісі түрінде, не мемлекеттік емес ұйымдар мен жекелеген адамдардың, іс жүзінде міндеттілік мәні жоқ ақыл-кеңестері түрінде болады. Бұл қызметтің мақсаты – түсіндірілетін норманың дұрыс та бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету, оны іске асыру кезінде болуы мүмкін қателерге жол бермеу.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub