Метаморфты белдем

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Метаморфты белдем - жер қыртысы қойнауларының әртурлі деңгейлеріне тән қысым мен температура жағдайында түрліше өзгерген тау жыныстарымен сипатталатын аймақтық метаморфизм белдемдері.<ref> Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сенатов, А. Абдулин.— Алматы: Қазақстан, 1996,ISBN 5-615-01738-4</ref>

Жер қыртысының, қимасы әдетте үш түрлі метаморфты белдемге жіктеледі. Олар — эпибелдем, мезобелдем және катобелдем; эпибелдем — жер қыртысының біршама төмен дәрежелі температуралармен және бағдарлы қысым мөлшерлерінің едәуір биік көрсеткіштерімен сипатталатын ең жоғарғы қабатын біріктіреді; мезобелдем — гидростатикалық қысым мен температураның біршама жоғарғы мөлшерімен сипатталатын жер қыртысының ортақғы деңгейінен көрініс береді; катабелдем — жер қыртысының өте жоғары температуралармен және гидростатикалык қысым жағдайының биік дәрежесімен ерекшеленетін төменгі қабатына сәйкес келеді.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала