Хаммар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хаммар, Әл-ХаммарМесопотамия ойпатының оңтүстік-шығысында, Евфрат және Шатт-әл-Араб өзендерінің алабында орналасқан, Ирак жеріндегі көл. Ұзындығы 120 километр, ені 20 километр, ауданы 1950 шаршы метр, тереңдігі 1 — 2 метр Ойпатты жағалауын қалың құрақ өскен батпақ алып жатыр. Хаммарға батысынан Евфраттың бір тармағы құяды. Сәуір — мамыр айларында Евфрат өз-ндегі тасқын кезінде ауданы 5 мың шаршы километрге, тереңдігі 15 метрге жетеді. Оңтүстік бөлігінде кеме жүзеді. Хаммар көлі 5 ғасырда Евфрат өзендегі қатты тасқын кезінде Басра және Сук-эш-Шуюх қалаларының аралығындағы ойпатты су басудан пайда болған.

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Wikify