Торғай желі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Торғай желі - Торғай өңіріне көршілес аумақта атмосфералық қысым ерекшеліктеріне қарай оңт.-батыстан соғатын қыстағы ең қатты жел. Қыста ауа ағымы көбіне 50-ендік бойымен батысқа бағытталған Сібір (Азия) максимумынан шығатын жоғары қы-сым тарамымен оңт-ке қарай Қазақстанның солт. облыстары аум-на бағыт алады. Кориолис (Кориолис үдеуі) күшінің әсерінен оңға қарай ауытқығанда бұл жел оңт.-батысқа ойысады. Жылдың басқа маусымында, Сібір максимумының сілемі ыдырап, басым бағыты солт.-батыстан соғады.

Пайдаланылған әдебиет

"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Wikify