Тропиктік жыл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ТРОПИКТІК ЖЫЛ – күн мен түннің жазғытұрғы теңелу нүктесінен Күннің қатарынан екі рет өтуіне кететін уақыт аралығы. Оның ұзақтығы 365,242196 орташа күн тәулігіне тең әрі ол мың жылда 5 с кеміп отырады. Тропиктік жыл қазіргі күнтізбенің негізі болып табылады. Тропиктік жыл ішінде жыл мезгілдері бір рет толық ауысып отырады. Астрономияда Тропиктік жыл дың басы ретінде Күн көзінің орташа бойлығы 280 болатын мезет алынады. Осы мезеттен басталатын жыл бессельдік жыл деп аталады. Оның басы жуық түрде күнтізбелік жылдың басына сәйкес келеді. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 8 том</ref>


Сілтеме

<references />

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала