Шағылышөп
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:19, 2014 ж. маусымның 16 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Шағылышөп Атырау облысының шығысындағы қырқалы құм. Жем өзенінің төменгі ағысы мен Үстірттің солтүстік аралығында жатыр. Ауданы 260 км². Ұзындығы 37 км, ені 11 км-ге жетеді. Тұщы грунт су 3 — 8 м тереңдікте кездеседі. Құм төбешіктерінде жусан, изен, теріскен өседі
Пайдаланѓан әдебиеттер :
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, XVIII том