Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:10, 2026 ж. маусымның 29 кезіндегі Bauyr03 (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ұйым

Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI, NUISSAI) — Астана қаласындағы Назарбаев университетіне қарасты ғылыми-зерттеу институты. Ол жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы ғылыми-зерттеу мен әзірлемелерді дамытуға бағытталған. Негізгі назар компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу және сөйлеу технологияларына аударылады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Тарихы

ISSAI 2019 жылы робототехника және ЖИ саласындағы зерттеуші доктор Хүсейін Атакан Варолдың бастамасымен құрылды.<ref name="sakenova">Үлгі:Cite web</ref> Алғашында университетке қарасты зертхана ретінде жұмыс істеген бұл құрылым 2024 жылы Назарбаев университетінің автономды ғылыми-зерттеу институтына айналды.

Құрылымы

2025 жылғы жағдай бойынша ISSAI құрамында шамамен 70-тен астам зерттеуші, компьютерлік инженер мен деректер ғалымы жұмыс істеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Топ құрамында қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектерімен қатар, шетелдік жетекші университеттер мен «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлектері де бар.<ref name="sakenova" />

ISSAI KAZ-LLM — қазақ тіліне арналған үлкен тілдік модельдер отбасы, Meta Platforms компаниясының LLaMA архитектурасына негізделген. ISSAI әзірлеген KAZ-LLM 2024 жылғы желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылып, Astana Hub-қа табысталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Зерттеулері мен жобалары

ISSAI ашық дереккөздерге үлес қосып, Hugging Face, GitHub және ModelScope платформаларында модельдер мен деректер жиынтықтарының кең репозиторийін жүргізіп келеді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Негізгі жобалары ISSAI Playground-ында қолжетімді. Бірнеше жобасы:<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

  • Оylan — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қолдайтын көптілді көру-түсіну моделі;
  • MangiSoz — аударма, мәтінді дыбыстау, оптикалық таңбаларды тану, және диаризация қызметтерін ұсынатын веб-платформа;
  • TilSync — көптілді іс-шараларға арналған нақты уақыттағы субтитрлеу құралы.

Сонымен қатар, ISSAI 2025 жылы суперкомпьютерлерге тәуелділікті азайту мақсатында Qolda моделін әзірледі. Бұл — ноутбук пен смартфондарда жұмыс істеуге арналған 4М-параметрлі ашық бастапқы тілдік-көру моделі. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тиімді мультимодальды ойлауды қамтамасыз етеді және зерттеушілерден бастап студенттер мен шағын бизнеске дейін кең аудиторияға ЖИ мүмкіндіктерін қолжетімді етеді деп жоспарлады.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Коммерциялық компоненттер негізінде жасалған Mangitas инференс сервері, ЖИ үлгілерін жергілікті ортада іске қосуға бейімделген және ұйымның жабық ішкі желісі шегінде қауіпсіз орналастыруға мүмкіндік береді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

ISSAI жыл сайын Жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасын ұйымдастырып, бакалавр және магистратура студенттеріне, сонымен қатар жоғарғы сынып оқушыларына ЖИ саласында тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер