Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:22, 2026 ж. мамырдың 1 кезіндегі Rasulbek Adil (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтымедицина саласындағы мамандар біліктілігін көтеруге арналған мемлекеттік жоғары оқу орны. Институт Алматыда 1963 ж. ұйымдастырылған.

1996 жылдан С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құрамында. Институт ұжымы дәрігерлер білімін жетілдірумен қатар, ғылыми және алдын ала емдеу жұмыстарымен де шұғылданады. Институтта еліміздің М. Әлиев, Т.Шарманов, С. Балмұқанов, Ә. Ідірісов, Х. Мырзалиева, Ф.С. Каневская, Г.К. Ткаченко сияқты көрнекті маман-ғалымдары мен денсаулық сақтау ісінің белгілі ұйымдастырушылары қызмет етті. Қазір ин-т ұжымында 35 ғылым докторы, 150 ғылым кандидаты жұмыс істейді.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер