Кендара
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
'Кендара– Қарқаралы таулы алқабындағы аңғар. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында. Солтүстік-батысында Шаңкөз, Сұлтансу, оңтүстік-шығысында Көктөбе, Бұғылы, Қарқаралы тауларының аралығын ала орналасқан. Ұзындығы 20 – 22 км-ге, ені 50 м-ден 2 – 3 км-ге дейін жетеді. Қоңыр топырағында жатаған, бидайық, бүлдірген, шабындық қазоты, қызыл тал, қызыл бояу, қайыңтал өседі.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>