Рахманбердиев Мұсабек
Рахманбердиев Мұсабек (1951-1998) —10 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шөл дала ауылында дүниеге келген.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>.
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
1978 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын жұмысшы болып бастаған. Жамбыл ауданының "Еңбек туы" газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСРБаспа, полиграфия және сауда істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, "Қазақстан" баспасында бас редактордың орынбасары, республикалық "Телефильмде" директор, Жамбыл облыстық радиотелевизия комитетінің төрағасы болып жұмыс жасады. "Қайырлы жол", "Құз қия", "жылы жел", "Қарқаралы" секілді көркем және деректі кітаптардың авторы.
Дереккөздер
<references/>