Елена Владимировна Рақымова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Елена Владимировна Рақымова — биология ғылымының докторы (2009), Британия микология қоғамының мүшесі.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1961 жылы 1 ақпанда Алматы қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1983, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1983 жылдан бастап Ботаника және фитоинтродукция институтында ғылыми жұмыспен айналысады.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Алма және оның негізгі патогендерінің әр түрлі үйлесім деңгейдегі өзара қатынастарының ультрақұрылымдық аспектілері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты — жарық және электрондық микроскопияның заманауи әдістерін қолдану, зерттеу әдістемесіне өзінің модификациясын енгізу арқылы ғылыми-зерттеулер жүргізу.
122 ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер