Нұргүл Қорғатжанқызы Тоқсанбаева
Үлгі:Ғалым Нұргүл Қорғатжанқызы Тоқсанбаева — психология ғылымының докторы (2009), доцент (2001), профессор (2025).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1968 жылы 29 қыркүйекте қазіргі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Шолақай ауылында туған.
Жаркент педагогикалық училищесін (1988), Семей мемлекеттік педагогикалық институтын (1994, қазіргі Шәкәрім университеті), Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1998, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.
1994-96 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтында стажер-оқытушы, 1999-2001 жылдары Алматы мемелекеттік университетінде оқытушы, 2001-08 жылдары Қазақ ұлттық университетінде доцент, 2009 жылдан кафедра профессоры қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті жүйелендіру факторы ретінде" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
160-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 4 оқу құралы, 10 томдық "Психология" кітабының 6-томының авторы.
Марапаттары
- Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2008, 2009).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>