Жанар Есентайқызы Сәрсекеева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Жанар Есентайқызы Сәрсекеева — педагогика ғылымының докторы (2011), доцент (2010), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1977 жылы 4 наурызда Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1999, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) және аспирантурасын (2005) бітірген.
1999-2003 жылдары Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназияда мұғалім, 2003-11 жылдары Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2011 жылдан кафедра профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – кәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі.
"Болашақ мұғалімдердің кәсіптік ойлау қабілетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, 1 оқу құралының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" грантының иегері (2010);
  • ҚР Тұңғыш Президенті Қорының ғылым және техника саласындағы сыйлығы лауреаты (2010);
  • Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері (2012);
  • Т.Қ. Қамзабаев атындағы сыйлығы лауреатының дипломы (2018).<ref>Жеке ақпарат.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер