Айгүл Тұрсынқызы Садырова
Үлгі:Ғалым Айгүл Тұрсынқызы Садырова — химия ғылымының докторы (2010), доцент (2009).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1965 жылы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Первомайский кентінде туған.
Ленинград технологиялық институтын (1988, қазіргі Санкт-Петербург) бітірген.
1988-2009 жылдары Химия ғылымдары институтында инженер, аспирант, ғылыми аға, бас ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, зертхана меңгерушісі, 2009 жылдан ғалым-хатшы қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – бейорганикалық заттар химия технологиясы саласы.
"Көп функционалды мақсаттың қосылыстарына Қаратаудың доломитизирленген шикізатының кешенді қайта өндірілуі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 алдын ала патенттің, 1 өнертабыстық патентінің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>