Шұға Болатқызы Қасенова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Шұға Болатқызы Қасенова — химия ғылымының докторы (2009), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1970 жылы Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1992, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті).
1992 жылдан осы университеттің Химия-металлургия институтында және "Фитохимия" халықаралық ғылыми өндірістік холдингінде ғылыми, кіші, аға ғылыми қызметкер, термохимиялық процестер зертханасының бас ғылыми қызметкері.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – бейорганикалық химия, физикалық химия және бейорганикалық, органикалық және табиғи қосылыстардың химиялық термодинамикасы.

Марапаттары

  • Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты (2006).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер