Меруерт Арыстанқызы Ғазалиева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Меруерт Арыстанқызы Ғазалиева — медицина ғылымының докторы (2010), доцент (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1982 жылы 3 тамызда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын (2005, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина университеті), интернатурасын (2006) бітірген.
Қазақстан-Ресей университетінде доцент (2005-07), Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында ассистент (2006-07), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде профессор (2008-12), 2012 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде кафедра доценті.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары өндірістің жəне қоршаған ортаның денсаулыққа əсерін бағалау, науқастықтың зиянды поллютанттармен байланысы күшін анықтау, қауіп факторларының жəне олардың үйлесімдерінің əсері, медициналық-гигиеналық критерийлер стратегияларын жəне экологиялық мониторинг принциптерін əзірлеу болып табылады.
100-ден астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 3 əдістемелік нұсқау, 2 оқу құралы, 1 оқу-əдістемелік құралы, 7 алдын ала патенттің авторы.

Марапаттары

  • ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты(2008);
  • Қарағанды облысы əкімінің "Қайнар" сыйлығы лауреаты (2011);
  • "ЖОО үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегері (2009).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтеме