Дина Әлкебаева
Дина Ақбергенқызы Әлкебаева – филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1961 жылы 6 ақпанда Алматы облысы, Шелек ауданы (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы), Қаратұрық ауылында дүниеге келген.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1984 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1990-1993 жылдары осы оқу орынының аспирантурасында оқып, академик М. Серғалиевтің жетекшілігімен «М. Жұмабаев поэзиясының тілдік ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2006 жылы «Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Аталған жұмысында қазақ тіл білімінде алғаш рет прагматика мен прагмастилистика ұғымдарын теориялық тұрғыдан жүйелі түрде негіздеп, стилистиканы коммуникативтік-прагматикалық қырынан жаңаша пайымдады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2009 жылғы 30 қарашадағы шешімімен (№5 хаттама) тіл білімі мамандығы бойынша профессор атағы берілді.
Д.А. Әлкебаева 15 жыл бойы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Ұлттық біріңғай тестілеуде (ҰБТ) қазақ тілі пәні бойынша аппеляциялық комиссия мүшесі қызметін атқарды.
2002-2006 жалдары түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңес мүшесі болды. 2009 жылдан бері филология (бұрынғы филология және әлем тілдері) факультетінің «Лингвистикалық болжау орталығы» үйірмесінің ғылыми жетекшісі міндетін атақаруда.
Бірнеше жылдан бері ҚазҰУ «Хабаршысы» (филология сериясы) журналының редакция мүшесі қызметін атқарады.
Негізгі ғылыми еңбектері Мағжаны поэзиясының тілін, қазақ тілінің стилистикасын, прагматикасын, сөзтану ғылымының түрлі аспектілерін, сөз мәдениеті мен тіл экологиясын зерттеуге арналған. Ғылыми жетістіктері қазақ тіл білімінің өзекті бағыттарын терең әрі жүйелі түрде қамтитын «Мағжан поэзиясының тілі», «Поэтика лингвистикасы», «Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы», «Қазақ тілінің прагмастилистикасы», «Сөз мәдениеті», «Мағжанның ойлау стилі» сияқты іргелі еңбектерінен айқын көрініс табады.
Ол халықаралық және республикалық деңгейдегі конференциялар мен симпозиумдарға тұрақты түрде қатысып, ғылыми жобалар аясында белсенді зерттеушілік қызмет атқарып келеді.
Ғалым 300-ге жуық ғылыми мақаланың, 2 оқулық, 9 оқу құралы мен 2 монографияның авторы. SCOPUS базасында индекстелетін 3 ғылыми мақаласы бар. Дина Әлкебаева бір ғылым кандидаты мен екі PhD докторға жетекшілік етті. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасында» бірнеше докторантқа ғылыми жетекшілік етуде.
Ғылымға қосқан үлесі
1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология» білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) авторларының бірі ретінде ұлттық білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік негізін қалыптастырды.
2. Қазақ тілі стилистикасын прагматикалық аспектіде зерттеудің ғылыми негізін қалады. Стилистиканы тек тілдік құралдардың экспрессивтілігімен шектемей, сөйлеуші тұлға, коммуникативтік мақсат, адресат, сөйлеу жағдаяты сияқты прагматикалық факторлармен бірлікте талдаудың ғылыми негіздерін ұсынды.
3. Ғалым «Қазақ тілінің функционалды грамматикасының басымдықтары: теориядан тәжірибеге дейін» атты ғылыми жобаның жетекшісі ретінде функционалды грамматика бойынша ғылыми ізденістердің қалыптасып, дамуына жол ашты.
4. «Қазақ тілінің функционалды грамматикасының өзекті мәселелері» атты ғылыми жинақтың жауапты редакторы ретінде қазақ тілінің функцоналды грамматикасының зерттелуіне елеулі үлес қосты.
5. «Қазақ тілінің прагмастилистикасы», «Қазақ тілінің функционалды грамматикасы» атты оқу құралдары мен «Қазақ тілі: функционалды грамматика» оқулығы еліміздің жоғары оқу орындарында филологиялық білім беруде кеңінен қолданылады.
6. «Сөзтану», «Сөз экологиясы», «Рухани экология» бағыттарын өзара сабақтастыра дамытып, осы салалар бойынша іргелі және элективті пәндер әзірлеп, оларды магистратура мен докторантурада оқыту тәжірибесіне енгізді.
Марапаттары
1. «ҚР Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» марапаты (2003 жыл).
2. «ҚР Жоғары оқу орнының үздік 30 профессоры» рейтингісінде жоғары орынды иеленді (2015 жыл).
3. «Қазақ ұлттық университетінің үздік оқытушысы» марапаты (2012 жыл).
4. Қазақстан Республикасы БжҒМ-нің тағайындауымен «2012 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» марапаты (2012 жыл).
5. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына орай «Алтын белгі» төсбелгісі (2014 жыл).
6. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2024 жыл).
Ғылыми еңбектері
1. Алкебаева Д.А. Мағжан поэзиясының тілі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1997. – 101 б.
2. Алкебаева Д.А. Поэтика лингвистикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 89 б.
3. Алкебаева Д.А. Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы: Монография. – Алматы: «Принт» баспасы, 2005, – 266 б.
4. Алкебаева Д.А. Сөз мәдениеті: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 196 б.
5. Алкебаева Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. ҚР БжҒМ мемлекеттік грифімен жазылған оқулық. Алматы: Қазақ университеті. – 2013. – 270 б.
6. Алкебаева Д.А. Сөз мәдениеті. Алматы: Қазақ университеті. – 2014. – 212 б.
7. Алкебаева Д.А. Мағжанның ойлау стилі. Алматы: Қазақ университеті. – 2014. – 170 б.
8. Алкебаева Д.А. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы: оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, – 2019. – 200 б.
9. Алкебаева Д.А. Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы: Монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2022, – 266 б.
Ғылыми мақалалары
1. Алкебаева Д.А. М.Жұмабаев шығармаларындағы түркілік кеңістік // «Шығыс өркениеттері және түркі әлемінің мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы: Қазақ университеті, 23–24 қазан 2012. – 93–97 бб. https://aqiqat.kazgazeta.kz
2. Алкебаева Д.А., Мадибай К. Мир Магжан Жумабаева и духовная экология // Туркия, 4-й конференции Всемирной психологии, консультирование и помощь, 24–26 мая 2013 года. – Стамбул: Kultur университеті.
3. Sultan Y., Alkebaeva D., Kurkebayev K., Abdikulova R., Sagyndykov N. The categories of time and space in modern novel transformation // Man in India. – 2016. – Vol. 96, Issue 10. – P. 3927–3937.
4. Malik M., Alkebaeva D., Shormakova A., Kozhan D., Akhmetkaliyeva L. Pragmatic discourse of the comments on Facebook in the Kazakh language // Opción. – 2019. – Vol. 35, No. 90-2. – P. 369–384. https://produccioncientificaluz.org/index.php/opcion/article/view/30581
5. Алкебаева Д.А., Заурбекова Л.Ж., Якуп А. Функционалды прагматика теориялары // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2020. – №1 (177). – 86–92. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph12
6. Алкебаева Д.А., Амиров А.Ж., Саткенова Ж.Б. Қазақ телевизиясының прагмастилистикасы // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2020. – №3. – 381–386. https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.60
7. Alkebaeva D.A., Satkenova Zh.B. , and Konyrbekova T.O. 2021. “Changes in the Kazakh Language in Social Networks”. Eurasian Journal of Philology. Science and Education 182 (2):14-23. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph2.
8. Алкебаева Д.А. Функционалды грамматиканың каузалдық категориясы // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2023. – 190(2). – 16–26. https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v190.i2.ph2
9. Алкебаева Д.А., Сансызбаев Ө., Амиров А. Каузалдық ұғымының философиялық және лингвистикалық заңдылықтары // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2024. – Том 194, №2. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph09
10. Алкебаева Д.А. М. Қашқаридің «Түркі диалектілерінің сөздігі» – түркі әлемінің асыл мұрасы. Құтты білік. 1, 1 (Dec. 2024). DOI:https://doi.org/10.71078/g6xt7v82.
11. Alkebayeva D., Sultan Y., Dautova G., Akzhigitova A., Aden Zh. Analysis of modern strategies for using artificial intelligence technologies in the creation of fantasy content // Digital Scholarship in the Humanities. – 2025. – Vol. 40, Issue 1. – P. 295–307. https://doi.org/10.1093/llc/fqae090
12. Алкебаева Д.А. Абай шығармаларындағы «сөз» концептісінің әлеуметтік мәні // Құтты білік. – 2025. https://doi.org/10.71078/zp1t7t24
13. Алкебаева Д.А., Сұлтан Е. Қазақ тілді жасанды интеллекттегі лингвистикалық өзгерістер // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2025. – Том 198, №2. https://doi.org/10.26577/EJPh202519822
14. Алкебаева Д.А., Шенгелбай М., Таласпаева Ж.С. Жасанды интеллект тілі: лингвистиканың жаңа көкжиектері // Ш. Уәлиханов атындағы КУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2025. – №3. https://doi.org/10.59102/kufil/2025/iss3pp138-149
15. Alkebayeva D., Myrzabayeva B. Speech – A Psychophysiological and Intellectual Phenomenon // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2025. – №3 (137). – 232–245. https://doi.org/10.47526/2025-3/2664-0686.247
16. Алкебаева Д.А., Мырзабаева Б., Баешова Б. Қазіргі тіл біліміндегі «тіл» және «сөз» ұғымдарының арақатынасы, сөздің прагматикалық мәні // Еуразиялық гуманитарлық институтының хабаршысы. – 2025. – №3. https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.05
17. Алкебаева Д.А. Қазақ тіл білімінде «сөз» ұғымы мен қызметінің зерттелуі // Филологиялық ғылымдар хабаршысы. – Алматы: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, 2025. – №4. https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.019
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Суретсіз мақала
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 6 ақпанда туғандар
- 1961 жылы туғандар
- Еңбекшіқазақ ауданында туғандар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары
- Қазақстан филологтары
- Филология ғылымдарының кандидаттары
- Қазақ тілін зерттеушілер