Екатерина Федоровна Сперанская
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:07, 2026 ж. ақпанның 23 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету
Екатерина Федоровна Сперанская (27.11.1919 ж.т., Өскемен қаласы) — қазақстандық химик-аналитик; химия ғылымдарының докторы (1968), профессор (1970).
Өмірі
1942 ж. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін бітірген. 1942 жылдан осы университеттің аналитикалық химия кафедрасының кіші ғылыми қызметкері, ассистентті, 1970 жылдан профессоры.
Сперанская жұмыстарының негізге ғылыми бағыты - көп электронды электорхимиялық процестерді зерттеу. Сынапты және амальгалы электродтардағы электорхимиялық процестер жөнінде,көптеген ғылыми жұмыстар жүргізді.
Еңбектері
Оның 120- дан астам ғылыми еңбегі бар.<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы, 10 том, 386 бет</ref>