Ландшафт физикасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ландшафт физикасы, ландшафт геофизикасы, биогеофизикасы — ландшафттанудың ландшафт процестерін физикалық жолмен анықтайтын саласы. Негізінен климаттың, жер бедері және топырақ жамылғысының белгілі бір кешеніне бейімделген органикалық ортаның өніп-өсуіне тікелей қажетті процестерді (ландшафт энергетикасы, жер беті жоғарғы қабатының радиациялық және жылу балансы, өсімдік бойына фотосинтездік радиацияның сіңуі, т.б.) зерттеумен айналысады. Сонымен бірге, топырақтың жылу және су режимін, биоценоз құрылымын, өзгерісін анықтап отырады. Ландшафт физикасының басты міндеті — табиғаттағы пайдалы биологиялық ортаның өнімділігін арттыру.



Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала