Раиса Ефимовна Легкунец

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Легкунец Раиса Ефимовна (10.5.1938 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы Новоникольск ауылы) – ғалым, химия ғылымының кандидаты (1971).

Әл-Фараби атындындағы ҚазҰУ-ды бітірген (1966).

1966 – 71 жылдары аспирант және ҚР ғылым академиясының Химия ғылыми институтында жұмыс істеген, 1971 – 2002 жылдары ҚазҰУ-дың химия факультетінде аға ғылыми қызметкер болды.

Негізгі ғылыми еңбектері үлкен молекулалы қосылыстардың гидродинамикалық қасиеттері мен полимерлердің айқас-талғамды еріткіштер қоспасындағы әрекеті тақырыптарына арналған.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1986).<ref>Қазақ Энциклопедиясы. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, 10 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub