Баян Қайымов
Баян Қайымов (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылы) – экономика ғылымдарының докторы (1983), профессор (1985).
2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
ҚазМУ-ды (1955, қазіргі ҚазҰУ), Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1961) бітірген. Алматы қаласындағы ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1961–84), Алматы халық шаруашылық институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) кафедра меңгерушісі (1984) қызметтерін атқарған.
«Проблема повышения рентабельности зернового производства в районах основной целины (по материалам совхозов Северного Казахстана)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің экономикасына арналған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
- 13 қазанда туғандар
- 1924 жылы туғандар
- Райымбек ауданында туғандар
- Қазақстан экономистері
- Экономика ғылымдарының докторлары
- Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері
- Жаңа экономикалық университеті оқытушылары
- Жаңа экономикалық университетінің профессорлары