Есет Роватұлы Әзербаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:02, 2019 ж. маусымның 19 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Есет Роватұлы Әзербаев (14. 1.1942 жылы туған, Башқұртстан, Федоров ауданы Раевка селосы) – экономика ғылымдарының докторы (2000), Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1987), КСРО Газ өнеркәсібі министрлігінің үздігі (1987).
Қызмет жолы
- 1964 жылы - Уфа мұнай институтын бітірген .
- 1965–1968 жж. - «Бұқара–Орал» газ құбыры тас жолындағы Домбар компрессор станциясында жұмыс істеген.
- 1968–1974 жж. - «Орта Азия-Орталық» магистральды газ құбыры Мақат ауданы басқармасында жауапты қызметтер атқарды.
- 1974–1981 жж. - салынып жатқан «Орынбор–Батыс шекара» газ құбыры Орал дирекциясының «Закаспийсктрансгаз» өндірістік бірлестігінде бас директор.
- 1981–1987 жж. - «Саратовтрансгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры.
- 1987–1989 жж. - арнайы іссапармен Ливияда жұмыс істеді.
- 1989–1997 жж. - Югтрансгаз» (Саратов) бірлестігі бас директорының орынбасары, Орал облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Батыстрансгаз» АҚ-ның президенті болды.
- 1997 жылдан «Батысгаз» АҚ-ның президенті.
Шығармалары
- Перспективы и пути развития газовой промышленности в Казахстане, Уральск, 1998;
- Стратегия и социально-экономическая эффективность развития газовой промышленности Казахстана, Уральск, 1999.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Марапаттары
Жанұясы
Үйленген. Жұбайы - Әзербаева Валентина Михайловна,Ұлы - Рұстам (1967 ж. т.); қыздары - Әсия (1971 ж. т.),Лейла (1984 ж. т.). 4 немересі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- 14 қаңтарда туғандар
- 1942 жылы туғандар
- Башқұртстанда туғандар
- Экономика ғылымдарының докторлары
- Қазақстан экономистері
- Қазақстан жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшелері
- КСРО газ өнеркәсібінің үздіктері
- Уфа мұнай институты түлектері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Халықтар Достығы орденінің иегерлері