Жаңылдық Нығызбайқызы Жүнісова
Үлгі:Ғалым Жаңылдық Нығызбайқызы Жүнісова — филология ғылымының докторы (2001), профессор (2008).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1955 жылы 8 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Белағаш ауылында туған.
Қарағанды мемлекеттік университетін (1979, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) бітірген.
Орта мектепте мұғалім (1979-81), Қарағанды педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1989-96), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1996-2003), декан (2003-06), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі комитетінің аға қызметкері (2006-07), Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі (2007-08), кафедра меңгерушісі (2008-09), профессор.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты билингвальды лексикография теориясы, грамматикография, фразеография, салыстырмалы-тарихи жəне салғастырмалы тіл білімін зерттеуге арналған.
"Категория глагольного времени в грамматикографии: коммуникативно-контенсивный аспект" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
90-нан астам ғылыми еңбектердің авторы.
Марапаттары
- "Сорос-Қазақстан" қоры гранты (2000, 2001, 2002);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақтау грамоталары (2005), алғыс хаттары (2004, 2005, 2012);
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2009).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>