Райхан Мұхамеджанқызы Таштемханова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:53, 2026 ж. мамырдың 23 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Райхан Мұхамеджанқызы Таштемханова — тарих ғылымының докторы (2005), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1961 жылы 16 шілдеде Павлодар қаласында туған.

Қазақ ұлттық университетін (1986) бітірген.
Павлодар педагогикалық училищесінде (1986-87), Павлодар педагогикалық институтында оқытушы (1987-91), Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аспирант (1991-94), Павлодар педагогикалық институтында аға оқытушы (1994-96), Павлодар мемлекеттік университетінде (қазіргі Торайғыров университеті) доцент, декан, кафедра меңгерушісі (1996-2001) қызметтерін атқарған. 2001 жылдан осы университетте аға ғылыми қызметкер, профессор.

Еңбектері

100-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның және оқу құралдарының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер