Шәмшия Сайдғалиқызы Рысбекова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Шәмшия Сайдғалиқызы Рысбекова — философия ғылымының докторы (2010), профессор (2010).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1958 жылы 4 маусымда Павлодар облысы, Железин ауданы, Михайловка ауылында туған.
Қазақ ұлттық университетін (1993) бітірген.
1993-2003 жылдары ҚР ҰҒА-ның Философия және политология институтында, Қазақ экономикалық университетінде педагогикалық-ғылыми жұмыспен айналысты. 2003 жылдан Қазақ ұлттық университетінде қызмет атқарды. 2010 жылдан кафедра профессоры болды.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Антропологическая проблематика в современной религиозной философии" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
80 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 10 оқу құралының авторы.
Марапаттары
- Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2011).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>