Ирина Александровна Ратникова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Ирина Александровна Ратникова — биология ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1961 жылы 2 мамырда Алматы қаласында туған.

Қазақ ұлттық университетін (1983) бітірген. 1983-2007 жылдары Микробиология және вирусология институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аспирант, ғылыми, аға, жетекші ғылыми қызметкер, 2007 жылдан лаборант меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Медицинаның ауылшаруашылығы және қайта өңдеу өндірісі үшін әрекеті бағытталған пробиотиктер жасаудың биологиялық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Ғылыми жұмыстары микробиология саласының іргелі және қолданбалы зерттеулеріне, жаңа пробиотиктер жасауға, пробиотиктік микроорганизмдер әрекетінің тетіктерін айқындауға, медицина, ветеринария, тамақ өндірісі мен қоршаған ортаны сақтау үшін жаңа микробиологиялық препараттар жасауға арналған.
120-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 9 инновациялық патент<ref>Ратникова Ирина Александровна.</ref>, 4 өндірістік стандарттың авторы.

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2011).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер