Жұмагүл Сіләмбекқызы Қырқымбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
02:34, 2026 ж. шілденің 3 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Жұмагүл Сіләмбекқызы Қырқымбаева — ветеринария ғылымының докторы (2005), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1964 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы (қазіргі Абай облысы), Абай ауданы, Семейтау ауылында туған.

Семей зооветериналық институтын (1986, қазіргі Семей малдәрігерлік институт), Қазақ ұлттық аграрлық университетінің аспирантурасын (1995) және докторантурасын (2004) бітірген.
Семей қаласындағы №14 училищеде оқытушы (1986-88), Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар шаруашылығынла мал дәрігері (1988-89), Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде лаборант, ғылыми қызметкер, ассистент, аға оқытушы, доцент (1989-2011) қызметтерін атқарды.
2011 жылдан осы университеттің профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Ауылшаруашылық малдың және терісі бағалы аңдардың лептоспирозының иммунопрофилатикасы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 оқу құралының, 1 авторлық куәліктің, 13 алдын ала петенттің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер