Айгүл Серікқанқызы Әділбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Айгүл Серікқанқызы Әділбаева (10 қыркүйек 1975, Абай облысы, Аягөз қаласы) — тарих ғылымының докторы (2010).

Еңбек жолдары

1997 жылы Семей мемлекеттік университетін (қазіргі Шәкәрім университеті), 2001 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аспирантурасын бітірген. 1997-99 жылдары Семей мемлекеттік университетінде аға лаборант, зерттеуші-стажер, 2003-04 жылдары "Қайнар" Семей университетінде кафедра меңгерушісі болды. 2004-2010 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтында аға ғылыми қызметкер, декан, 2011 жылдан доцент қызметтерін атқарады.

Ғылыми еңбектері

"Города Восточного Казахстана: особенности социально-экономического, историко-политического, экологического и демографического развития (вторая половина XIX – начало XXI веков)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты: Шығыс Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы. 32 ғылыми еңбектің, 2 оқу құралының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер